Бірлік пен іс әрекет – басты құндылық! — Xnews — ақпарат агенттігі

Бірлік пен іс әрекет – басты құндылық!

Бүгін “RESPUBLICA” партиясының Түркістан облыстық филиалында облыстық партия филиалының төрағасы Айткулов Бекжан Бақтыбекұлының төрағалығымен Өңірлік кеңес пен ReWomen Іскер әйелдер қауымдастығының бірлескен отырысы өтті.

Шараға Өңірлік кеңес мүшелері, облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, кәсіпкерлер мен белсенді партия мүшелері қатысты.

Жиында Республика күні қарсаңында партия мүшелерінің бірлігі мен ел дамуына қосқан үлесі атап өтілді.

Партияның белсенді мүшелеріне “RESPUBLICA” партиясының төрағасы Айдарбек Асанұлының атынан Алғыс хаттар табыс етіліп, ел мерекесіне орай шын жүректен құттықтаулар айтылды.

Өз сөзінде Бекжан Бақтыбекұлы партия алдында тұрған маңызды мақсат-міндеттерге тоқталып, алдағы кезеңде:
• Партияның сандық және сапалық құрамын арттыру,
• Партиялық кадрлық резервті қалыптастыру,
• Әрбір мүшенің қоғамдық белсенділігін арттыру,
• Жергілікті бастамаларды қолдау бағытында нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар қараша айында Түркістан қаласында өтетін Республикалық іскер әйелдер форумына дайындық барысы талқыланып, ұйымдастыру бағыттары пысықталды.

Жиын соңында қатысушылар Республика күнімен бір-бірін құттықтап, ортақ пікір алмасып, ел игілігі жолында жұмыла еңбек етудің маңызын атап өтті.

RESPUBLICA партиясы – ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА СИМВОЛЫ!
Бірге – әділетті қоғам, ашық мемлекет және берекелі болашақ үшін!

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...