Заң мен тәртіп – жасөспірімдер қауіпсіздігінің кепілі

2025 жылдың 3 қыркүйегінде Шымкент қаласындағы №45 мектеп-гимназиясында ерекше маңызы бар профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға І аусымның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Конгирбаева, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы, ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары – полиция майоры Н. Рахимов пен полиция капитаны С.Ш. Палжанов қатысты. Жиынның негізгі тақырыбы – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.

Бұл кездесудің негізгі мақсаты – 2025–2026 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін нығайту және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру. Оқушыларға қоғамдағы құқықтық тәртіптің маңыздылығы түсіндіріліп, заңды бұзудың қандай салдарға алып келетіні нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Жиын барысында бірнеше өзекті бағыттар қамтылды:

Буллинг пен кибербуллинг – қазіргі таңда оқушылар арасында ең жиі кездесетін мәселелердің бірі. Полиция өкілдері буллингтің түрлерін, интернет арқылы жасалатын киберқорқыту әдістерін түсіндірді. Сонымен қатар, мұндай әрекеттердің құрбандарға тигізетін психологиялық зияны және заң алдындағы жауапкершілігі де айтылды.

Балалар және интернет қауіпсіздігі – жаңа буынның өмірі цифрлық ортада өтіп жатқандықтан, интернеттегі алаяқтық, күмәнді сілтемелер, бөтен адамдардың ұсыныстары жайлы сөз болды. Оқушыларға жеке деректерін жарияламау, күмәнді аккаунттарға сенбеу және әрқашан ата-аналарымен немесе мұғалімдерімен кеңесіп отыру керектігі ескертілді.

Нашақорлық, есірткі бизнесі және лудомания – полиция капитаны С. Палжанов есірткі заттарының денсаулыққа әкелетін зияны мен қылмыстық жауапкершілігі жайлы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда кең таралған құмар ойындары – луоманияның психологиялық және әлеуметтік зардаптары айтылып, жасөспірімдерді ондай әдеттерден сақтандырды.

Жол қозғалысы ережелері – балаларға жолдан тек жаяу жүргінші өткелі арқылы өту, бағдаршам белгілеріне назар аудару және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір оқушының өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты шарты екені ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында оқушыларға түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің жауапкершілігі, сондай-ақ себепсіз бос уақыт өткізудің зияндылығы түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері нақты заң баптарын мысалға келтіре отырып, жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары туралы кеңінен айтып берді.

Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, мұғалімдер мен сыныптастарға құрметпен қарау, мәдениетті қарым-қатынас жасау – әрбір оқушының міндеті екені баса айтылды.

Іс-шараның ең қызықты бөлігі – «Ашық микрофон» кезеңі болды. Бұл кезде оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды. Жасөспірімдер интернеттегі қауіпсіздік, қоғамдық орындардағы тәртіп, достар арасындағы қарым-қатынас және басқа да өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Оқушылардың белсенділігі олардың құқықтық білімге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті.

Осындай кездесулер – тек мектеп деңгейінде емес, бүкіл қоғам үшін маңызды. Өйткені жас буынның қауіпсіздігі мен дұрыс тәрбиесі – мемлекет болашағының кепілі. Құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы біз құқық бұзушылықтың алдын аламыз, ал қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жасөспірімдердің өз өміріне деген жауапкершілігін арттырады.

Полиция майоры Н. Рахимов атап өткендей:
«Әрбір жасөспірім өз әрекетіне жауапты екенін түсінуі қажет. Заңды сақтау – тек міндет қана емес, сонымен бірге қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік».

№45 мектеп-гимназиясында өткен профилактикалық кездесу оқушылардың құқықтық санасын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.

Мұндай іс-шаралар арқылы жас буын қоғамда дұрыс бағдар алып, болашақта саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасады.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Әрбір оқушы осы қағиданы ұстанып, өз өмірінде дұрыс шешім қабылдай білсе, біздің еліміз де бейбіт әрі тұрақты болмақ.

Дереккөз: international.kz

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...