World Cleanup Day аясында Шымкентте тазалық жұмыстары жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

World Cleanup Day аясында Шымкентте тазалық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұжымы “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Акция барысында мекеме қызметкерлері қала көшелерінің бойындағы ирригациялық арықтар мен тұрғын үй аулаларын, жолдарды қоқыстан тазартты.

Сондай-ақ, мекеме мамандары белгіленген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтіріп, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстарды жасады. Іс-шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру мен тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Айта кетейік 20 қыркүйек күні елімізде World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай республикалық тазалық акциясы өтуде. Аталған шараға Шымкент қаласы да белсенділік танытуда.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...