«Turkistan Water Fest & Sky Lights» өтеді

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

Сіздерді 14 қыркүйек күні Түркістан қаласындағы жаңа есу арнасының ашылу салтанатына орай ауқымды мәдени-спорттық шара – «Turkistan Water Fest & Sky Lights» фестиваліне шақырамыз!

Іс-шара аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған түрлі бағдарламалар ұсынылады:
• ойындар алаңы
• балаларға арналған арнайы алаң
• спорттық жарыстар
• әуе шарлары
• фонтан шоу
• лазерлік шоу
• от шоу

Сонымен қатар, фестиваль бағдарламасында «Taiqazan GastroFest» аясында түрлі ұлттық және әлемдік тағамдар ұсынылып, қонақтар ерекше гастрономиялық саяхатқа аттанады.

Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – жасырын қонақ ретінде әлемдік деңгейдегі жұлдыздың арнайы келуі.

Барша қала тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан астында өтетін бұл мерекелік шараға белсенді қатысуға шақырамыз!

Өтетін орны: Түркістан қаласы, Есу арнасы
Уақыты: 18.00
14 қыркүйек 2025 жыл

Қосымша ақпарат пен жаңалықтар үшін @taiqazan.fest парақшасына жазылыңыз.

x

Check Also

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

В Шымкенте завершились двухдневные городские командно-штабные учения «Қыс-2025», направленные на отработку действий системы гражданской защиты в условиях зимних чрезвычайных ситуаций ...

Шымкентте «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Шымкент қаласында қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою және олардың салдарын жою мақсатында екі күн бойы қалалық командалық-штабтық ...