Түркістан: Сайрамда Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

Сайрамда аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Жиынды аудандық ҚХА төрағасы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев жүргізді. Сессия жұмысына облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, аудандық Ассамблея және үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Ассамблея – еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің берік діңгегі. Ол әр этностың мәдениеті мен дәстүрін сақтап, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Ассамблея этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту ісінде негізгі рөл атқарады. Міне, бүгін Сайрам ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы отырысы өтті. Бүгінде Ассамблея болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен келісімнің өнегесін ұсынатын бірегей институт болып отыр. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», — деді Нұрсұлтан Сейтжанов.

Күн тәртібінде аудандық ҚХА құрамы, жұмыс жоспары мен негізгі басымдықтары таныстырылды. Сонымен қатар, этносаралық қатынастарды нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер баяндалып, олардың алдын алу шаралары сөз болды. Бұдан бөлек, Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары аудандық ҚХА тарапынан жүзеге асырылатын жұмыстар мен бірлескен бастамаларды қолдау жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді. Сессия қорытындысында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, келесі отырыстың күн тәртібіне енгізілетін мәселелер талқыланды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар ...

Шымкентте Орталық Азияның бірінші жаһандық цифрлық конференциясы — Global Tech Wave Central Asia өтеді

2025 жылдың 12 мен 14 қыркүйегі аралығында Қазақстанның мегаполисі және еліміздің ірі өнеркәсіп орталығы Шымкент қаласында бірінші Global Tech Wave ...