Түркістан: Жетісайда өткен сенбілікке 3 мың тұрғын қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Жетісайда өткен сенбілікке 3 мың тұрғын қатысты

Бүгін облыс көлемінде ұйымдастырылған «World clean up day» Халықаралық акциясы аясында Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыаудандық экошарасы өтті. Тазалық жұмыстарына қатысқан 3 мыңға жуық тұрғынның 205-і мемлекеттік қызметшілер болса, 30-ға жуығы жергілікті мәслихат депутаттары мен аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері, 300-і ерікті жастар болса қалғаны аудан тұрғындары.

«Тазалық өзімізден басталады» ұранымен өткен сенбілік жұмыстарына белсене қатысқан жетісайлықтар аудан көлеміндегі бей-берекет жатқан қоқыс орындарын, «Достық» магистральды каналының К-26 арнасын, ауданның кіреберісін, «Шардара» су қоймасының ауданға қарасты аймағын және Жетісай қаласының орталық саябағын қоқыс қалдықтарынан тазартып, өсіп тұрған арам шөптерін шапты.

«Тазалық – саулық негізі. Тазалықты өзімізден бастауымыз керек. Ең болмағанда өз үйіміздің ауласын артық күл-қоқыстан тазартып отырсақ, өсіріп отырған ұл-қыздарымызға қоршаған ортаны таза ұстауға, туып өскен жерінің қадір-қасиетін арттыруға деген жоғары мәдениеттілік пен тәрбиемізді көрсете аламыз» дейді аудан әкімі Серік Мамытов.

Айта кетейік, қатысушылар арасында мәдени-спорттық іс-шаралармен қорытындыланған сенбілікке 26 техника жұмылдырылып, 110 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. Тазаланған аймақтардағы қатты тұрмыстық қалдықтарды Мақталы ауылдық округі, Тың елді мекенінде орналасқан полигонға тасымалдау жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...