Тазалық күнінің қорытындысы: Шымкентте жүздеген тонна қоқыс шығарылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Тазалық күнінің қорытындысы: Шымкентте жүздеген тонна қоқыс шығарылды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында кең ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл бастама қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты аялауға үндеуге бағытталған.

Аталған игі іске Шымкент қаласы да белсенді түрде қатысты. Қала аумағында өткен жалпықалалық сенбілікке мыңдаған қала тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекемелер, түрлі ұйымдар мен білім беру орындары атсалысты.

Тазалық жұмыстары қала аумағының барлық бөлігінде ұйымдастырылып, таңертең ерте басталды. Атап айтқанда, Мангелдин көшесі №32-34, Конституция өткелі және Отырар шағынауданындағы 58 және 58/1 үйлер аумағынан бастау алған сенбілікке аумақ тұрғындары мен мекеме ұжымдары белсенді қатысты.

Әл-Фараби ауданында – 937 адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 22,2 тонна қоқыс шығарылды. Ағаш бұтақтары кесіліп, көгал шөптері шабылды, көшелер мен қоқыс алаңдары жуылды. Еңбекші ауданында – сенбілікке 11 792 адам мен 66 техника тартылып, 58 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Сенбілік әлеуметтік нысандар, өндірістік аймақтар мен барлық мекемелерді қамтыды. Ал, Қаратау ауданында – 968 адам мен 18 техника жұмыс істеп, 32,9 тонна қоқыс шығарылды. Тұран ауданында – 13 957 адам мен 54 техника жұмылдырылып, 60 тонна қоқыс тазартылды. Қатысушылар қатарында 5230 тұрғын, 1000-нан астам студент, 115 әлеуметтік нысан мен 212 кәсіпкерлік құрылым бар.

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шымкент – таза қала!» атты кең ауқымды акция өтті. Іс-шара аясында Маятас елді мекенінде 200-ге жуық белсенді жас тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыс жинауға атсалысты.

Жалпықалалық сенбілік барысында тек қоқыс жинаумен ғана шектелмей, ағаштарды санитарлық кесу, шөп шабу, көгалдандыру, бояу, аула мен көшелерді жуу, абаттандыру және жөндеу жұмыстары да атқарылды.

Жалпы, қаланың барлық аудандарында өткізілген сенбілікке он мыңдаған адам қатысып, жүздеген тонна қоқыс шығарылды. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін қала тұрғындары нақты іспен дәлелдеді.

Шымкент қаласы әкімдігі экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра бермек. Сонымен қатар, қала билігі барлық тұрғындарды, еріктілерді, кәсіпкерлер мен ұйымдарды туған қаланың тазалығы үшін бірлесе әрекет етуге шақырады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...