Шымкентте ауызсу шығыны 72% азайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте ауызсу шығыны 72% азайды

Салаға интелектуалды технологияларды енгізгелі, ақау шыққан жерлер жедел анықталып, апаттың алдын алу мүмкіндігі артқан, деп хабарлайды 24kz.

Сала мамандарының айтуынша, заманауи су реттегіш құралдары мен есептеуіш қондырғылар қашықтан басқарылады. Мемлекет басшысы Жолдауында су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құруды тапсырған болатын. Жолдау жүктеген міндеттерді орындау үшін қандай жұмыстар жүріп жатыр?

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
— Орталық диспетчерлік бөлімде қаланы сумен қамтамасыз ету тәулік бойы бақыланады. Мамандар магистралды және ішкі орамдық құбырларға үздіксіз мониторинг жүргізіп, олардың қысымы мен ағынын қашықтан реттеп отырады. Салаға енгізілген цифрлық жүйе су айналымын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік берді.

Саланы дамытуға арналған инвестициялық бағдарлама аясында желілерге интеллектуалды жүйе енгізілді. 300-ге жуық қысым реттегіш құрал орнатылып, ауа тұтқыштар мен өлшеуіш аспаптары да ақылды бағдарламалық технологиямен жабдықталды. Ақау аймағын жылдам әрі дәл анықтау арқылы су шығыны 72%-ке дейін азайды.

Арман Болатбеков, Су ресурстары кәсіпорнының орталық диспетчерлік қызмет бөлімінің басшысы:
— Шымкент қаласын білесіздер тегіс емес жері. Ойлы, қырлы. Сондықтан қысым реттегіштерді пайдаландық. Ол 24 сағат қысымды бірқалыпты ұстап тұрады. Соның арқасында қазір су шығындары азайды. Апат болған жағдайда дер кезінде анықтауға қол жеткіздік. Байқасаңыздар қазір бұрынғыдай қалада су жетпей қалу деген нәрсе жоқ.

Коммуналдық қызметті автоматтандыру арқылы басқару жүйесі жетілдірілді. Енді тіршілік нәрін тұтынушылардың сұранысына қарай бөлу үшін жаңа үлгідегі құралдарды жаппай енгізу қажет. Мамандардың айтуынша, бұл су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жанатбек Тұрдалиев, Су ресурстары кәсіпорны басшысының орынбасары:
— Ел Президенті екінші жыл қатарынан су секторын толық цифрландыруды жүктеп отыр. Бұл дегеніміз – ақылды есептегіш құрылғылар орнатылуы керек деген сөз. Олар деректерді қашықтан жеткізетін технологиямен жабдықталуға тиіс. Бізде ондай жүйе бар. Алайда әлі күнге дейін ескі есептегіш құралдар кездеседі. Оларды жоғары метрологиялық дәлдік класындағы жаңа құралдарға ауыстыру қажет.

Биыл ақылды жүйенің артықшылығы жылу желілерінің тозу деңгейін анықтауға алғаш рет қолданылды. Инфрақұрылымдық жүйенің ішкі жағдайын бағамдау үшін бейнекамерамен бақылау жүргізіліп, көпжылдық құбырларға талдау жасалды.

Ерболат Мамырхан, қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:
— Қазіргі таңда біз ол жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарудамыз. Яғни келісім шартқа тұру, алдағы мәслихат сессиясында жобаны қорғап, оған бюджеттен қаржы сұрау жоспарланып отыр. Біздің пайымдауымызша бұл жоба оң әсерін тигізеді деп жоспарлануда.

Жалпы 838 шақырым болатын магистралды және ішкі орамдық құбырлардан 98 ақау анықталды. Қазір жылу маусымына дейін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

© «24KZ» телеарнасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...