Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

2025 жылғы 1 қыркүйек — 10 қазан аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.

Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.

ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.

ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.

КР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.

ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.

Аймақтардағы байланыс нөмірлері:
Астана: +77017574717
Алматы:+77074777538, +77079005088
Шымкент:+77015053031
Абай облысы: +77056469575
Ақмола облысы: +77012200979
Ақтөбе облысы: +77761017788
Алматы облысы: +77017155366, +77018000657
Атырау облысы: +77011009546
ШҚО: +77074086639
Жамбыл облысы: +77781235599
Жетісу облысы: +77078491109
БҚО: +77054332089
Қарағанды облысы: +77022093730
Қостанай облысы: +77714225785
Қызылорда облысы: +77472876162
Маңғыстау облысы: +77012550896
Павлодар облысы: +77087559890
СҚО: +77756505606
Түркістан облысы: +77773382929, +77087628542
Ұлытау облысы: +77073030666

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...