Жаңа қоғамдық көліктер және темір жол өткелі пайдалануға берілді

Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жуырда №150 және №146 бағыттарға 30 жаңа Yutong маркалы автобус жолға шықты. Бұл автобустар — Қазақстанда, Қарағанды қаласында құрастырылған отандық өнім. Жаңа тасымалдаушы – «Bozjorga Bus» ЖШС қызмет көрсетуде. Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігі тарапынан бәсекелестік орта қалыптастыру арқылы көлік сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы Қойкелді батыр – Ақназархан көшелеріндегі теміржол өткелі 23 қыркүйекте қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары 5 ай ішінде аяқталып, өткелдің барлық негізгі құрылымдары жаңартылды. Бұл – қаладағы көлік қатынасын едәуір жеңілдетуге бағытталған маңызды жоба.

Жақында қала тұрғындарының ұсыныстарына сәйкес қоғамдық көлік қозғалысына бірқатар өзгерістер енгізілді. №45 маршруттың сызбасы түзетіліп, екі бағытта қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда:
• №45 бағыт «Достық» шағынауданы – Төлеби көшесі аралығында қатынайды;
• №45А бағыт «Достық» шағынауданы – «Гиппер Хаус» сауда үйі аралығында қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар жолаушылар сұранысын ескере отырып, «Сайрам-ЖТС» ЖШС-гі қызмет көрсететін №206 шағын автобус бағытының кестесі толықтырылды. Енді:
• жұмыс күндері – 7 кестемен;
• сенбі, жексенбі және мереке күндері – 4 кестемен ұйымдастырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады.

Бұл өзгерістер қала тұрғындарының күнделікті қатынасын жеңілдетуге және қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...