Инфрақұрылым мен жол сапасы жаңа деңгейге көтерілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Инфрақұрылым мен жол сапасы жаңа деңгейге көтерілуде

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі – Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы төмендегідей мәлімдеме жасады.

Абай ауданы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне қадам басуда. Аудан аумағында 27 елді мекен орналасып, мұнда 257 мыңнан астам халық тұрады. Инфрақұрылыммен қамту деңгейі айтарлықтай жоғары: тұрғындардың барлығы ауыз су мен электр жарығымен толық қамтылған. Биылғы ақпан айында «Ынтымақ-2» шағын ауданы мен «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы табиғи газға қосылып, аудан толықтай газ жүйесіне қол жеткізді. Бұл халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қарқын алды. Аудан аумағында 1274 көше бар, оның ішінде 844 көше асфальтпен жабылған. Жыл соңына дейін барлық тас жолдар толықтай асфальтталмақ. Бүгінге дейін 148 көше жөнделіп, жоспарланған жұмыстар толық орындалса, асфальтталған көшелердің үлесі 100 пайызға жетеді.

Бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ықпал етуде.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/wAOb96tzKBk?si=K6nWFYKPLo6DB8Vz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...