Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты.

Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр.

Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%). Одан кейінгі орындарда 30-45 жастағылар (82,4%), 46-60 жастағылар (78,6%) және 61 жастан асқандар (77,8%) тұр.

Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары (сәйкесінше, 84,9% және 80,9%).

Табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу ерекшеліктеріне қарамастан, респонденттердің сенім деңгейі бірдей дәрежеде.

Президентке ең көп қолдау білдіретіндер: білім беру саласының қызметкерлері (89,6%), денсаулық сақтау мамандары (84,5%), мемлекеттік қызметшілер (87,1%), құқық қорғау органдарының қызметкерлері (96,9%), ауыл шаруашылық саласының өкілдері (86,2%), ғылым (85,7%), мәдениет пен өнер саласының мамандары (85,9%).

Зерттеу қорытындысы ел арасында Президентке сенімнің тұрақты жоғары деңгейде екенін айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың азаматтар үшін тиімділігін дәлелдейді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...