Әлеуметтік қолдау және әділ көмек тетіктері

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек «Шымкент қаласындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы» баяндады.

Президент атап өткендей, әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана бағытталуы тиіс. Бұл бағытта Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек жүйесі жетілдіріліп келеді. 2025 жылы осы мақсатқа 7,5 млрд теңге бөлініп, 4 684 отбасы (24 628 адам) қолдау алды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 242 балаға қосымша төлем жасалды. Қолдау алушылардың саны 2024 жылмен салыстырғанда 40%-ға азайып, халық табысының артуын көрсетті. Сонымен бірге, «FSM Social» мобильді қосымшасы енгізіліп, өтініштерді цифрлы форматта қабылдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайды. Қосымша ретінде Шымкент пен Қарағанды облысында әлеуметтік жағдайды 23 критерий бойынша бағалайтын баллдық үлгі енгізіліп, көмек шынайы мұқтаж жандарға ғана берілу мүмкіндігі артты.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа бастамалар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қала халқының 82,5%-ы сақтандырылған. Әлеуметтік осал топтағы 56 964 азаматты толық қамту үшін жыл сайын 2,9 млрд теңгеге жуық қаржы қажет. 2024 жылдың шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалау жүйесі іске қосылып, стационарлар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек айналымы цифрлық бақылауға алынды. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында барлық медициналық ұйымдар электронды рецептке көшіп, 2025 жылы 619 мыңнан астам рецепт жазылды. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жаңа медициналық орталықтар салу жоспарланып, кадр тапшылығын шешу үшін жас мамандарды резидентураға жіберу тетігі қарастырылуда.

Білім беру және тұрғын үй саясаты

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында Шымкентте 150-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар мен студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашылды. Үш жаңа мамандық – логистика, аяқкиім ісі және киім дизайны бойынша лицензиялар алынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 жаңа білім ордасы пайдалануға беріліп, 10 нысанға күрделі жөндеу жасалды. Балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында 132 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру енгізіліп, кезек алты есеге қысқарды. Ал тұрғын үй саясаты бойынша мемлекет жалдау ақысының 50%-ын өтеу тетігін енгізіп, мүгедектерге, жетімдерге және көпбалалы отбасыларға айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/ENdIEuXzCf4?si=HK7WfYl07_7aLM_o

x

Check Also

Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары

IT саласы тұрақты түрде өсіп келеді. Еліміздегі IT-компаниялар саны 18 мыңнан асты, соңғы үш жылда өсім 16%-ды құрады. 1700-ден астам ...

Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ

В рамках реализации Послания Президента «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм» и иных поручений Главы Государства в ...