Шымкентте үздік волонтерлер ₸1 млн грант ұтып алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте үздік волонтерлер ₸1 млн грант ұтып алды

Шымкентте Халықаралық жастар күніне орай ерекше форматта мерекелік кеш те ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

Іс-шарада үздік волонтерлік жобалар анықталып, авторлары 1 миллион теңгелік қайтарымсыз грантқа ие болды. Енді олар өз идеяларын жүзеге асыру арқылы қоғам дамуына ықпал етеді.

Байқауда ерекше бағаланған жобаның бірі «Ағамдай боламын» деп аталады. Авторы Рахатбек Қарсанбек салтанатты жағдайда марапатталып, идеясын жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге иеленді. Енді бұл қаражат қиын жағдайға тап болған жасөспірімдердің өмірге деген көзқарасын өзгеруге жұмсалатын болады.

Рахатбек Қарсанбек, «Жас волонтер» байқауының жеңімпазы:
— Жалғызбасты аналардың балалары немесе осал топтың балалары мен бұзақылық бойынша тіркеуде тұрған жігіттерге, қыздарға лайықты аға немесе әпке тауып беру. Және оларды бауырластыру.

Еріктілер қозғалысын қолдауға бағытталған байқауға жалпы 26 жоба ұсынылды. Комиссия шешімімен әлеуметтік, экологиялық, медициналық, білім беру және жан-жануарларды қорғау салалары қаржыландырылды.

Әйгерім Жұмағұлова, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы:
— Тегін білім алу, бизнес бастау және де көптеген мемлекеттік мүмкіншіліктер. Соның бірі мына волонтерлерге жасалып отырған жеңілдіктер. Біз бұдан былай да оларға деген жағдайды жақсартып, қолдауды көбейтеміз.

Жастарға арналған жазғы сауық кешінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ән мен би көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал сұрақ-жауап айдарының жеңімпаздарына фитнес залына жолдама үлестірілді.

Мейірхан Абуталипов, қала тұрғыны:
— Одан да өзге шаралар бар. Караоке кештерін өткіземіз. Кітап оқудан жарыстар болады. Кешке әр апта сайын осындай жұмыс жүреді. Шымкент жастардың қаласы деп айта аламын. Бүкіл мүмкіндіктер қарастырылған.

Шымкентте 400 мыңға жуық жас бар. Оның 134 мыңы оқу орындарында білім алады. Тіркелген 3 мыңдай волонтерлық ұйымда қоғам дамуына бастайтын көптеген жоба жүзеге асырылып келеді.

© «24kz» телеарнасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...