Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

1–14 тамыз аралығында Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шара өтуде. Шараның негізгі мақсаты – қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық және құқықтық мәдениетін арттыру.

Рейдтік жұмыстар Шымкент қалалық полиция департаменті мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілуде. Нәтижесінде, бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері санитариялық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда тыныштықты бұзған тұлғаларға да заң шеңберінде шара қолданылды.

Шара аясында аулалар мен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығына ерекше мән берілуде.

Құзырлы органдар қала тұрғындарын тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға және айналадағылардың тыныштығын құрметтеуге шақырады.

x

Check Also

Шымкентте медиация күніне орай ашық есік күні өтті

Шымкент қаласында «Құқық қорғау және татуласу орталығында» Медиация күніне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орайластырылып, ...

Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісі: мемлекеттік мүлік және азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекеттік мүлікті жалға беру, тәркіленген коммуналдық меншікке қабылданған мүліктер мәселелері, әлеуметтік маңызы бар ...