Шымкент: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы кезекті тазалық іс-шарасы өтті

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Іс-шараға аудан тұрғындары, көпқабатты үйлердің пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, тиісті мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған 100-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, қоқыс пен қураған ағаш қалдықтарын уақытылы шығару мақсатында 3 арнайы техника жұмылдырылды.

Жұмыс барысында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда:
• Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту;
• Ағаштардың қураған бұтақтарын кесу және арнайы техникамен арту;
• Легустраларға сәндік форма беру;
• Қураған ағаштарды жинап, шығару.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, тазалық орнатылды.

Тазалық шарасы Ж. Алдияров көшесіндегі №10, 12, 12а, 12в, 12г, 12д, 12б мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілді. Тұрғындар өз аулаларының абаттануына атсалысып, аумақтың көркін арттыруға белсенділік танытты.

Аудан әкімдігі мұндай іс-шаралардың қала экологиясын жақсартуда және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл тек қана қоқыс жинау шарасы емес, сонымен бірге тұрғындардың бір-бірімен араласып, ортақ іске жұмыла қатысуына мүмкіндік беретін азаматтық белсенділіктің көрінісі болып табылады.

“Таза Қазақстан” акциясы Әл-Фараби ауданында тұрақты түрде жалғасуда. Алдағы уақытта да тұрғындар мен кәсіпорындардың қатысуымен аулаларды, көшелерді, қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Аудан әкімдігі барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырады.

x

Check Also

Президент: Әзербайжан мен Армения келісімі – тарихи жетістік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды. Аталған құжат қос мемлекет ...

Бейбітшілік пен бірлік – ұлт мен мемлекет тұрақтылығының мызғымас негізі

Бейбітшілік пен бірлік – кез келген мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы мен өркендеуінің басты шарты. Бұл құндылықтар болмаса, экономикалық, әлеуметтік немесе ...