Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы кәмелетке толмаған спортшылардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар атқаруда. Бұл шаралар қала әкімдігінен 2025 жылдың 17 шілдесінде жолданған тиісті тапсырмадан кейін қолға алынған.
22 шілдеде басқармаға қарасты 20 спорт ұйымына арнайы хат жолданып, балалардың жолда жүру мәдениетін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды. Соның ішінде жол ережелерін сақтау бойынша ақпараттық жаднамалар тарату, әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен аудиороликтер жариялау, сондай-ақ спортшыларға түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеттелді.
Нәтижесінде спорт мектептерінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Білім беру ұйымдарындағы балаларды тасымалдау жөніндегі алгоритм» негізінде оқыту және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Спортшылар мен жаттықтырушыларға жол қауіпсіздігінің маңыздылығы түсіндіріліп, арнайы акциялар өткізілді.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары – Алдабергенов Бауыржан Ғалымжанұлы мәлімдеді.
Спорт мектептерінде балалардың жолдағы қауіпсіздігіне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласындағы спорт ұйымдары балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап отыр. Мәселен, №17 футболдан олимпиада резервінің мамандандырылған спорт мектебінде Полиция департаментінің өкілдерімен бірлескен семинар өтіп, кәмелетке толмағандарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шаралары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, спорт мектептері әлеуметтік желілер арқылы да түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жолда жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығы жайлы бейнероликтер түсіріліп, Instagram парақшаларында жарияланды. Басқарманың ресми парақшасында (@shymkent_sport_baskarma) Бадам су қоймасындағы жаттығу базасына шыққан жас спортшыларға арналған арнайы түсіндірме бейнематериал ұсынылды.
Басқарма мәліметінше, бүгінде спорт мектептерінен қалалық және республикалық жарыстарға қатысатын балаларды тасымалдау қатаң бақылауда. Осы уақытқа дейін тасымалдау барысында жазатайым оқиғалар тіркелмеген.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/qDluCoBqAyk?si=fJNHqBsWGOPZ5iD8
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
