Шымкент қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен қалалық прокуратураның бірлескен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында салалық басқармалар, аудан әкімдігі, полиция және прокуратура өкілдері қала тұрғындарына көшпелі қабылдау өткізді.

Жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші мен Еңбек мобильділігі орталығының мамандары Enbek.kz порталындағы 2 мыңнан астам тұрақты және субсидияланатын уақытша бос жұмыс орындарын ұсынды.

Арнайы кеңес беру бұрышында Мансап орталығының мамандары жұмыспен қамту шаралары — кәсіптік оқыту, қайтарымсыз гранттар, солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару, мемлекеттік бағдарламалар арқылы уақытша жұмысқа орналастыру және Enbek.kz порталының мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Жәрмеңке аясында жұмысқа жолдама алған тұрғындардың бірі — Бақтияр Сейдуллаев. Ұзақ уақыттан бері жұмыс іздеп жүрген ол осы іс-шара барысында көңілінен шыққан жұмыс орнын тапқанын айтып, ризашылығын білдірді.

-Жәрмеңке туралы әлеуметтік желідегі хабарлама арқылы біліп келдім. Қазір “ЮГ Plastik.kz” ЖШС-не жұмысқа жолдама алдым. Осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, — дейді ол.

Сондай-ақ “Жастар практикасы” бағдарламасы аясында да заңгерлік қызметке жолдама алған жас маманның әкесі Ақылбек Ақанбаев ұлының жұмысқа орналасқанына өз қуанышы білдірді.

-Ұлым биыл жоғары оқу орнын аяқтап, дипломын алды. Бүгінгі жәрмеңке арқылы заңгерлік қызметке жолдама алды, — деді ол.

Жәрмеңкеге жалпы 100-ден астам азамат келіп, кеңес алды. Нәтижесінде 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа, 21 азамат субсидияланған жұмыс орындарына, оның ішінде “Жастар практикасы” мен “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламалары арқылы, ал 8 адам кәсіптік оқытуға жолданды.

Президентіміз Қасым-Жомарт  Тоқаев биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын.  Бұл еңбек адамының маңдай терін бағалау, қарапайым кәсіп иесін тану, адал еңбектің абыройын көтеру жылы екені белгілі. Еңбек жәй ғана қызымет емес – адам болмысының айнасы.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...