Мемлекет марапаты маңдай тердің жемісі

Инагамжан Махаметалиевич Мавланов “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды

«Шымкент» халықаралық әуежайының Арнайы көлік қызметінің 1-санатты жүргізушісі Мавланов Инагамжан Махаметалиевич ұзақ жылғы адал еңбегі мен салаға сіңірген үлесі үшін Қазақстан Республикасының “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

Инагамжан Махаметалиевич 1962 жылы Шымкент облысы, Бөген ауданы, Хатын-Күпір ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын осы салада бастап, бүгінде 42 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман ретінде танымал. Барлық еңбек өтілі мен қызметі бір мекемеде — «Шымкент» әуежайының арнайы көлік қызметінде өтті.

Ол – өз ісінің нағыз шебері, жас мамандарға тәлімгер, әріптестеріне үлгі бола білген жан. Жауапкершілігі жоғары, ұжым арасында беделді, салмақты әрі әділ мінезімен ерекшеленеді.

Марапат кәсіби шеберліктің, тұрақтылық пен адал еңбектің айқын дәлелі болды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығы туралы мәлімдеген еді.
«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».

Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты.

«Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», — деді Президент.

x

Check Also

Ел Президенті Түркістандық еңбек адамдарын мемлекеттік наградамен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін марапаттады. Президент ең алдымен, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына ...

По поручению Президента вручены государственные награды работникам транспортной отрасли

В преддверии Дня работников транспорта Премьер-министр Олжас Бектенов от имени Главы государства Касым-Жомарта Токаева поздравил специалистов и ветеранов отрасли с ...