Төлебиде үкіметтік емес ұйымдардың «Теаm Building» атты шарасы өтті

Төлебиде үкіметтік емес ұйымдардың «ТЕАМ ВUILDING» атты шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты — облыстағы ҮЕҰ арасында әріптестік пен өзара әрекеттестікті нығайту, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Шараға қатысушылар — Түркістан облысындағы белсенді үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері. Сондай-ақ, бағдарлама аясында арнайы спикерлер қатысушыларға шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.

Бағдарлама аясында 4 бағытта мастер-кластар мен панелдік сессиялар ұйымдастырылды. Бұл шараны Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Жалын» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Шымкенте прошла ярмарка труда, на которой предложено около 2 тысяч рабочих мест

В Шымкенте растёт активность на рынке труда. Сегодня в городском выставочном центре состоялась крупномасштабная ярмарка вакансий под названием «Труд – ...

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...