Сайрамда жалпыхалықтық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл — туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық белсенділіктің нақты көрінісі. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Шымкенте прошла ярмарка труда, на которой предложено около 2 тысяч рабочих мест

В Шымкенте растёт активность на рынке труда. Сегодня в городском выставочном центре состоялась крупномасштабная ярмарка вакансий под названием «Труд – ...

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...