Рухани құндылық – ұлт қуаты — Xnews — ақпарат агенттігі

Рухани құндылық – ұлт қуаты

Қазақ халқының рухани әлемі – оның болмысын, тіршілігін, танымын айқындайтын басты негіздердің бірі. Халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен дүниетанымы, адамгершілік ұстанымдары, ар-ұят, имандылық, сабыр мен сөзге тоқтау сынды қасиеттер – ұлттық рухани құндылықтардың өзегіне айналған.

Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесінде көрініс табады.

Ал рухани адамгершік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.

Ар мен ұят – қазақ өмірінің темірқазығы. «Иман жүзді», «ұят болады» деген сөздер ұрпақтың бойына кішкентайынан сіңірілген. Адамның мінез-құлқы мен сөзіне қарап оның тәрбиесін, әдептілігін, намысын бағалаған. Сабырлылық – қиын-қыстау сәтте де ұстамдылық танытып, асығыстық жасамау. Ал сөзге тоқтау – қазақи дипломатияның бір көрінісі, бұл қасиет әрбір ер-азаматқа қойылар басты талаптардың бірі болған.

Рухани құндылықтар тек отбасы, орта арқылы ғана емес, халық ауыз әдебиеті арқылы да беріліп отырған. Жыр-термелер, мақал-мәтелдер, шешендік өнер, ертегілер – жас ұрпақты тәрбиелеудің құралы болған. Домбыра үнімен жеткен жырлар арқылы ерлік, адалдық, махаббат, әділдік жайлы тағылымдар айтылған.

Бүгінгі таңда да бұл құндылықтардың мәні жойылған жоқ. Қайта заман ағымымен жаңарып, жаңа мазмұнға ие болуда. Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге қарамастан, қазақ халқы өзінің рухани негізін сақтап қалуға тырысуда. Мектеп бағдарламаларында, телебағдарламаларда, түрлі жобаларда ұлттық тәрбиенің жаңғырығы байқалады.

Рухани құндылық – бұл жай ғана ереже емес, ұлттың жаны. Осы құндылықтарды сақтау – ұлт ретінде жойылып кетпеудің алғы шарты. Ар-ұяты бар, иманды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – әр қазақтың борышы. Бұл – рухани биіктікке ұмтылған елдің басты мұраты.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...