Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалуда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелердің орындалғаны туралы баяндады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы сілтеме жасап.

Ол мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалып жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері барлық төлемдер индекстелді, базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылды.

«Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалуда. Жыл басынан бері барлық төлемдер индекстелген. Базалық зейнетақыны кезең-кезеңмен арттыру жалғастырылды. Әлеуметтік төлемдермен 4,7 млн адам қамтылды. Еңбек министрлігінің бюджеті 6,1 трлн. теңгені құрады, шамамен 3 трлн теңге игерілді. Қызметтің негізгі бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 3,3 млн азаматтың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі күні жоспар 66,5%-ға орындалды. Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 250 мың адам жұмысқа орналастырылды. Әрбір жұмысқа орналасу міндетті зейнетақы жарналарымен расталады», — деді ол.

Сонымен қатар министр әлеуметтік осал топтағы азаматтардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау үшін 4,2 мың грант берілгенін жеткізді. Платформалық жұмыспен қамтуды реттеу шеңберінде Яндекс платформасында жұмыс істейтін 87 мыңға жуық адамның қызметі мен әлеуметтік қорғауы рәсімделген. Қазіргі уақытта басқа операторлармен белсенді жұмыс жүргізілуде.

«2025 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 16,5 мың көлемінде белгіленді, оның 14,2 мыңы бойынша рұқсат берілді. Елдегі шетелдік жұмыскерлердің жұмыс істеу заңдылығын, яғни олармен жасалған еңбек шарттарын бақылау үшін еңбек инспекциясы өзара іс-қимыл жүйесін жолға қойды. Бүгінгі күні Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕСУТД) 14 мың рұқсат бойынша 9 мыңнан астам еңбек шарты тіркелген. Көші-қонның оң сальдосы 3,8 мың адамды құрады. Солтүстік өңірлерге 2 мыңнан астам қандас пен қоныс аударушы көшірілді, ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кері қайту жағдайлары тіркелген жоқ», — деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Үкімет отырысы барысында ведомство басшысы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шеңберінде портал арқылы 300 мыңға жуық оңалту құралдары мен қызметтері көрсетілгенін, 18,6 мың адам инватаксиді қолданатынын, 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді лицензиялау енгізілгенін, бүгінгі күні 568 орталық лицензия алғанын баяндады.

«Мемлекет басшысы осы жылы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Аталған тапсырманы орындау үшін кәсіпорындармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 3 мыңнан астам кәсіпорын жоғары тәуекел аймағынан шығарылды. 23 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Бүгінгі күні Бірыңғай цифрлық платформаны белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Мемлекеттік органдарға, отбасын қорғау орталықтарына оқыту жүргіздік. Шілденің соңына дейін платформаға барлық өңірлерді қосу міндеті тұр. Бұл, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көмектің атаулылығын және шын көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...