Электронды цифрлық атқарушылық жазбалар: қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер беріледі

Елімізде «Digital Justice» жобалар протфелі шеңберінде азаматтардың қаржылық шығынын және уақытын үнемдеу, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін негізгі қызметтерді цифрландыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі.

Солардың бірі – «Атқарушылық жазбаны цифрландыру» жобасы. Борышкерден ақшаны немесе мүлікті өндіріп алу үшін нотариус арнайы белгі – атқарушы жазба жасайды. Жаңашылдыққа сәйкес, қарыз немесе жалдау шарты болған кезде, нотариалды куәландырылған немесе нотариалды атқарушы жазба туралы ескертпемен өндіріп алушы сотқа бармай-ақ, сот орындаушысына тікелей жүгіне алады. Бұл уақытты үнемдейді және қаражатты өндіріп алу процедурасын жеңілдетеді. Бұл жайында ҚР ӘМ ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.

Бұрын нотариустар атқарушылық жазбаны қағаз түрінде беріп келген. Оны алу үшін нотариусқа жеке жүгіну керек болды және құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және атқарушылық жазбаның қағаз нұсқасын алу қажет болған. Тек содан кейін ғана сот орындаушысына ұсынылатын.

«Қазіргі уақытта нотариаттық қызметтерді цифрландыру шеңберінде атқарушылық жазба электрондық форматта ресімделеді және мұндай құжатта нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы болады, яғни қағаздағыдай заңды күші бар. Нотариаттық жазбаларды орындаудың цифрлық жобасы ашықтықты, барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және тараптардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Жеке кабинет құрылды. Ол арқылы борышкердің хабарлама және қарсылық жолдауға мүмкіндігі бар. Негізделген қарсылықтар болған кезде нотариус атқарушылық жазбаның күшін жоюға міндетті. Яғни дауласушы тараптардың бірі өндірілуге тиіс сомамен келіспеуі мүмкін, бұл жағдайда іс даулы деп танылады да қайта қаралады», – деді спикер.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының мыңнан астам тұрғыны мобильді қосымша арқылы некелерін рәсімдеген. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті. Нақтысын айтсақ, Шымкент қаласы бойынша мобильді қосымша арқылы 1434 неке тіркелген. 60 мыңнан астам бала туу туралы куәлік, ЖШС-ні тіркеуге 160-қа жуық өтінім берілген. Сондай-ақ заңды тұлғалар туралы 3 мыңға жуық және жылжымайтын мүлік бойынша 200 мыңға жуық мәліметтер берілгені белгілі болды.

Бұл жоба азаматтар тарапынан оң баға алуда. Осы жылдың 31 наурызынан бастап 32 мыңнан астам атқарушылық жазбаның күші жойылды. Бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтірудегі және теріс пайдалануды жоюдағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл процедураны цифрландыру жүйелік тәуекелдерді жоюға ғана емес, сонымен қатар жүйенің өзін әділ, ашық және процестің барлық қатысушысының құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...