Еңбегі ерен жандар құрметті азамат атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

Еңбегі ерен жандар құрметті азамат атанды

Шымкентте «Қызғалдақ» сарайында Қала күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Салтанатты басқосуда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды Қала күні мерекесімен құттықтады.

–Қадірлі қонақтар баршаңызды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Шымкент ерте заманнан Ұлы Жібек жолының бойындағы мәдениет пен сауданың алтын көпірі болған киелі мекен. Қазір де тоғыз жолдың торабында орналасқан қаламыздың стратегиялық маңызы бұрынғыдан артып, экономикалық әлеуеті нығая түсуде. Екі мың жылдан астам тарихы бар шырайлы Шымкентіміз жыл санап жаңарып, күн санап көркеюде. Бүгінде қаламызда жаңа идеялар мен жобалар жүзеге асуда. Жол-көлік инфрақұрылымы да кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Шымкент – халқы әрдайым тынымсыз еңбекқорлығы, кең пейілі, мызғымас бірлігімен ерекшеленеді. Қала күні – ата-баба мұрасын ұлықтап, жарқын жетістіктерімізді дәріптейтіп айтулы күн», – деді қала әкімі.

Сондай ақ, Ғабит Әбдімәжитұлы мен Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов концерттік кеште бір топ азаматты «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Аталған атаққа ие болғандардың ішінде зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар, дәрігерлер, жұмысшы мамандар және зейнеткерлер бар. Солардың бірі – зейнеткер Әбдіжәжит Бекмахамбетұлы. Ол шырайлы шаһардың өткені туралы жылы естелігін айтып, қазіргі даму қарқынына қатысты ойларымен бөлісті.

«Өмір бойы жеміс-жидек өсірумен айналысып, адал еңбектің дәмін таттым. Еңбегім еленіп, Шымкент қаласының құрметті азаматы атағын алу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл — тек менің емес, ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген барша еңбек адамдарының жеңісі деп білемін», – деді ол.

Айта кету керек, қала күні шаһардың әрбір ауданында тойланып, демалыс күні жалғасын тапты.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ
«Shymkent Kelbeti» газеті

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...