5 жыл ішінде еліміздің моноқалаларында 44 жоба іске асырылып, бес мыңнан астам жұмыс орны ашылды — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі — Xnews — ақпарат агенттігі

5 жыл ішінде еліміздің моноқалаларында 44 жоба іске асырылып, бес мыңнан астам жұмыс орны ашылды — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков соңғы бес жылда еліміздегі моноқалаларда жалпы құны 846,1 млрд теңгені құрайтын 44 жоба жүзеге асырылғанын баяндады. Нәтижесінде, 5,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

«Екібастұз, Саран, Қаражал, Рудный сияқты қалаларда мыс концентраты, автомобиль шиналары, теміржол дөңгелектері, натрий цианиді және металл прокатын өндіретін ірі өнеркәсіп нысандары іске қосылды»,—деп атап өтті Олжас Сапарбеков.

Алдағы жылдары моноқалаларда құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 46 жаңа өнеркәсіп жобасын жүзеге асыру жоспарланған, онда шамамен 14,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жоғары технологиялық және импортты алмастыратын өндірістерді іске қосу басымдыққа ие.

Моноқалаларда бес айда офтейк-келісімшарттар көлемі 15 млрд теңгеге жетті

Кеңес барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков жыл басынан бері моноқалалар бойынша жалпы құны 15,1 млрд теңге болатын 46 офтейк-келісімшарт пен ұзақмерзімді шарттарға қол қойылғанын баяндады. Бұл кепілдендірілген сатып алу тетіктерін кеңейту мен ірі жүйе құраушы кәсіпорындармен ынтымақтастық арқасында мүмкін болды.

«Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылы моноқалалардағы кәсіпорындармен жасалған ҚПҚ жер қойнауын пайдаланушылардың офтейк-келісімшарттары мен ұзақмерзімді шарттарының саны 50-ге дейін артып, жалпы сомасы 10,3 млрд теңгені құрады. Биылғы 5 айда жалпы құны 15,1 млрд теңгені құрайтын 46 келісімшарт пен ұзақмерзімді шарттарға қол қойылды», —

деп атап өтті вице-министр.

Отандық өндірушілерге импортты алмастыру саясатын іске асыра отырып, ERG, «Қазақмыс», «Қазмырыш» және басқа да ірі инвесторлар қолдау көрсетеді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...