Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция өтті

Бүгін Түркістан қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында маңызды шара ұйымдастырылды.

Бұл күні Түркістандағы «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының Батырлары мен соғыс ардагерлерінің қабірлерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты — еліміздің рухын көтеру және жас ұрпаққа патриотизм мен тағзым мәдениетін насихаттау.

Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалынан басталған зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы экспедиция Түркістанға жетіп, «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының Батыры Расул Есетов пен Ауған соғысының ардагері Абдулхаким Ергешовтің рухына құран бағыштап, зират маңын тазарту жұмыстарын жүргізді.

Бұл іс-шара батырларымыздың ерліктерін еске алып, олардың рухына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелері іс-шараның тек Түркістанмен шектелмейтінін, алдағы уақытта Отырар және Ордабасы аудандарында да жалғасатынын айтты.

Барлық азаматтар бұл бастамаға атсалысып, ата-бабаларының рухына тағзым етіп, туған жердің тазалығына үлес қосуға шақырылады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Ұмытылмас ерлік — ұрпақ жадында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкенттегі Жеңіс саябағында “Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!” атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. ...

Дәрігерлер тыл ардагерлердің денсаулығын профилактикалық тексеруден өткізді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында ақ халаттылар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №6 ...