Түркістан облысында өткен «Бірлік жарысы» жүгіру додасына 6 мыңнан аса адам қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында өткен «Бірлік жарысы» жүгіру додасына 6 мыңнан аса адам қатысты

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы» және «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Түркістанда «Бірлік жарысы» өтті.

Облыс орталығында өткен сайысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала тұрғындары, этнос өкілдері жалпы 2000-нан астам әуесқой спортшы қатысып, бақтарын сынады. Жарыс «Денсаулық» саябағынан басталып, «Достық» үйіне дейін жалғасып, жалпы қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықта жүгірді.

Бүгінгі жарыс облыстың барлық өңірлерінде бір мезгілде өтіп, жалпы 17 аудан-қаладан 6 мыңнан астам адам қамтылды.

Бұл шараның мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің бірлігін, достығы мен татулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа қатысушылар бірнеше санат бойынша іріктеліп, жас ерекшеліктеріне қарай ерлер мен қыздар арасында бақ сынасты. Атап айтқанда, 18 бен 29, 30 бен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар 50 мен одан жоғары жастағылар болып бөлінген.

Сайыс қорытындысында мәреге бірінші жеткендерге облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы диплом мен медаль табыс етті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...