«Таза Қазақстан»: Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангерлердің зиратында тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл — ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау деген сөз. Біз сол сұрапыл соғыс кезінде теңдессіз батырлық пен батылдық көрсеткен отандастарымызды әрдайым орасан зор құрметпен есте сақтаймыз» деген болатын.

Осы орайда, бүгін Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жеңістің 80 жылдығына арналған Кеңес Одағы батырлары мен соғыс ардагерлерінің зираттарын тазарту іс-шаралары өтуде.

Экологиялық акция Түркістан облыстық мәслихаты мен облыстық Ардагерлер кеңесі, облыстық «Аманат» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалынан басталған зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы экспедиция Түркістанға жетіп, «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының батыры Расул Есетов пен Ауған соғысының ардагері Абдулхаким Ергешовтің рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды. Зират маңын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ерлік пен елдікті ұлықтаған шараға облыстық мәслихат депутаттары, Түркістан қаласы әкімдігінің басшылығы, облыстық Ассамблея мүшелері, этномәденги бірлестіктер өкілдері, сондай-ақ қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, имамдар, студенттер, жастар және волонтерлік ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар бүгін Кеңес Одағының батырлары – Сейтқасым Әшіровтың зиратында (Отырар ауданы) және Берген Исахановтың зиратында (Ордабасы ауданы) тазалық жұмыстары жүргізіліп, майдангерлердің ерлік жолы дәріптелмек.

Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар 5 мамырда Шымкент қаласында, 5-6 мамыр күндері Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал аудандарында жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

В Шымкенте прошла ярмарка труда, на которой предложено около 2 тысяч рабочих мест

В Шымкенте растёт активность на рынке труда. Сегодня в городском выставочном центре состоялась крупномасштабная ярмарка вакансий под названием «Труд – ...

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...