Таза Қазақстан: Еңбекші ауданында сенбілік өтті

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, сәтті өткізілді. Ақпаратқа сәйкес, Цементшілер, Орманшы шағынаудандары мен Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуге тұрғындар, аппарат қызметкерлері, «Еңбекші» КММ, «Группа Интеко» ЖШС және әлеуметтік нысандар белсене атсалысты.

Сенбілік барысында ағаштар мен жасыл-желектер қырқылып, шөптер оралып, аумақтар әктеліп, қоқыстар тазаланды. Қоғамдық еңбекке бірігіп қатысушылар ауданның көркеюіне, экологияның жақсаруына үлкен үлес қосып, таза әрі әдемі орта қалыптастыруға қадам жасады.

Бұл игі іс-шара тұрғындардың экологиялық сана-сезімін арттырып, қаланың көркеюіне зор әсерін тигізді. Таза әрі жасыл орта қалыптастыруда әрбір азаматтың белсенді қатысуы маңызды!

Еңбекші ауданында осындай сенбіліктер жалғасын табатыны сөзсіз, таза Шымкент үшін!

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

“Енді базар емес, сауда үйі болады”: Әкім базарларды жаңғыртуды қолға алды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданындағы «Автонұр» базарын аралап, өзекті мәселелерді назарға алды. Қазіргі таңда базар аумағында жалпы ауданы ...

Сайрамда жалпыхалықтық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының ...