Шымкентте «Отаным – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті

Шымкент қаласында «7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай «Отаным — Қазақстан» атты мерекелік концерттік іс-шара өтті.

Мерекелік шараның мақсаты – сұрапыл соғыс кезіндегі қазақстандықтардың майдандағы және тылдағы ерен ерлігін насихаттау, оларды құрметтеуге шақыру.

Мемлекеттік әнұранмен басталған іс-шара барысында соғыста қаза болған болған еліміздің батырларын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, халқымыздың ержүрек батыр ұл-қыздары жайлы мағлұмат берілді, олар жайлы жазылған өлеңдер жатқа айтылды. Ұлттық ұланның №6698 әскери бөлімі арнайы әскери қойылымдар көрсетіп, түрлі әндерді орындады. Сондай-ақ, патриоттық, ерлік тақырыптарында әңгімелер айтылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Одан бөлек, кеш аясында соғыс туралы шығармалар, өлеңдер челленджі өткізілді. Ұлттық ұланның №6698 әскери бөлімінің базасында «Ашық есік күні» акциясы аясында жастар үшін арнайы алғашқы әскери дайындық элементтерімен танысу жұмыстары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс бағы» республикалық акциясына атсалыса отырып, Ұлы Отан Соғысында бейбіт өмір үшін соғысқан батырларымызға арнап ағаштар мен гүлдер отырғызу шаралары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы №6698 әскери бөлімінде аталып өткен іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, Әскери комиссариат, полиция инспекторлары мен прокуратура қызметкерлері қатысты.

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімі 2013 жылы 28 наурызда құрылған. Онда қызмет ететін 500-ге жуық әскери қызметшілер Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерін күзету, сотталғандарды қадағалау және сотталған азаматтарды айдауылдау бойынша жауынгерлік қызметті абыроймен атқарып, қоғам тыныштығын күзетуге салмақты үлес қосып келеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Тұран ауданы 2026 жылы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылады

Шымкент қаласының қарқынды дамып келе жатқан Тұран ауданы алдағы екі жыл ішінде толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аудан әкімінің ...

Правовое просвещение студентов

В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» состоялась встреча прокурора города Астаны Ерлана Утегенова со студентами Евразийского национального университета имени ...