Шымкентте жыл басынан бері 11 690 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте жыл басынан бері 11 690 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

Шымкент қаласында 2025 жылы барлығы 49 567 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 19 мамырына дейін бұл көрсеткіштің 23,5 пайызы, яғни 11 690 адам нақты қамтылды.

Жоспардың негізгі бағыттарына тоқталсақ:
27 755 адам жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиіс;
Ал 21 758 адамды жұмысқа орналастыру қалалық даму бағдарламалары, концепциялар және жеке бастамалар аясында іске аспақ.

2025 жылы 3006 адамға кәсіпкерлікті қолдау көрсету үшін платформада оқу ұйымдастырылжы. Сонымен қатар, 6045 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау, 15 272 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру және 3598 адамды кәсіптік оқытуға бағыттау көзделіп отыр. Бұл бағытта жыл басынан бері 11690 адам қамтылып, жоспардың 41,9 пайызы орындалды.

Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында 21 758 жаңа жұмыс орны ашу жоспарланған (оның ішінде 21 370 – тұрақты, 388 – уақытша). Өткен жылы бұл көрсеткіш 26 482 орын болған. Биылғы жұмыс орындарының 2 610-ы қалалық концепциялар арқылы, ал 19 202-сі жеке бастамалар негізінде құрылмақ.

Атап өту керек, жеке бастамалар аясында 1 301 адам жұмысқа орналасып, бұл бағытта жоспар 6,5 пайызға орындалған. Жұмыс орындары жекеменшік балабақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріханалар мен қоғамдық тамақтану орындары арқылы құрылып отыр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...