Шымкент: Жеңістің 80 жылдығына орай театрландырылған қойылым көрсетіліп, далалық асханада майдан ботқасы ұсынылды

Шымкент қаласының тұрғындары бүгін таң рауандап атысымен-ақ, «Даңқ» мемориалына жиналды. Мұнда «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Алдымен жиналған жұртшылық «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, жауынгерлердің ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұнан кейін қонақтар Абай саябағы аумағында орналасқан «Майдан даласы» алаңына бет алды.

Мұнда ардагерлер мен қонақтарға «Майдан ботқасы» ұсынылды.

Соғыс ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы бұл тағамның дәмін әлі ұмытпағанын айтты. Себебі, қарақұмық ботқасы — қан майдандағы жүрекжалғар бірден-бір ас болған.

Салтанатты шара барысында даңқты аталарымыздың II дүниежүзілік соғысындағы ерлігін паш еткен театрландырылған қойылым көрсетілді.

Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының, сондай-ақ, қаладағы орыс, өзбек драма театрларының әртістері әзірлеген қойылымдарды тамашалаған көпшілік от пен оқтың арасындағы шайқасқа куә болды.

Көпшілік назарына Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт ұсынылды. Сұрапыл соғыс жылдарын еске салған, әрі патриоттық рухтағы әндер айтылды. Яғни, шымкенттік өнерпаздары «Катюша», «Кестелі орамал», «Три танкиста», «Жеңіс күні» сынды әндерді шырқады.

Сонымен қатар, Абай саябағында Жеңістің 80 жылдығына орай «Өткеннің үнсіз куәгерлері» атты фотокөрме өтті. Бұл көрмеде ардагерлердің әр жылдардағы тұрмыс-тіршілігін, өмір сәттерін бейнелеген фотосуреттер ұсынылды. Шарада фотограф Мақсат Шағырбайдың жеке қорында 2012 жылдан бастап жиналған ардагерлердің фотосуреттері қойылды. Әрбір суреттің артында бір тағдыр, бір тарих жатыр. Ардагерлердің жүзіндегі әрбір әжім соғыстың ізін бейнелейді және бұл бейнелер болашақ ұрпаққа өткеннің шежіресі ретінде қызмет етеді.

Шымкент келбеті

x

Check Also

“Енді базар емес, сауда үйі болады”: Әкім базарларды жаңғыртуды қолға алды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданындағы «Автонұр» базарын аралап, өзекті мәселелерді назарға алды. Қазіргі таңда базар аумағында жалпы ауданы ...

Сайрамда жалпыхалықтық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының ...