Шымкент: Батырлардың батылдығы ұлықталды

Жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» атты Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлерді ардақтайық» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – соғыс және тыл ардагерлерінің батырлығы мен ерлікке толы еңбектерін дәріптеу, өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Іс-шараға Тұран ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Мелдебеков, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов, сондай-ақ, қалалық ардагерлер кенесінің өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында Ербол Байқонысов жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілектерін білдірді.

— «Біз бүгін бейбіт өмірдің қадірін түсіну үшін өткеннің ауыр сабақтарын ұмытпауымыз керек. Ардагерлеріміздің жанқиярлық ерлігі мен маңдай терімен келген жеңіс – тарихымыздың алтын парағы. Осындай шаралар арқылы біз өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды сіңіріп, батырларымыздың ерлігін дәріптейміз», – деп атап өтті.

Іс-шара аясында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Ардагерлердің құрметіне арнайы сахналық қойылымдар қойылып, «Шығыстың қос жұлдызы» — қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің бейнелері сахналанды. Сондай-ақ, іс-шарада Саз колледжінің студентері мен Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімі оркестрінің өнерпаздары соғыс тақырыбындағы әндерді орындап, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады.

x

Check Also

«Таза Қазақстан»: «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

Аталмыш шара Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және оларға іргелес елді мекендерде өтті. Акция 4 ...

Портрет Бауыржана Момышулы вошел в Книгу рекордов Гиннеса

Гигантское изображение героя собрано из сотен детских работ и занимает площадь 2736 квадратных метров на Астана Арене В итоге, он ...