Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.

Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

«Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Енді алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де су үнемдеу тақырыбында дәрістер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз»,–деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

x

Check Also

Білікті ұстаз

Қыдырбекова Жанар Сиязбекқызы – Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицейінің тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Ұлағатты ұстаз саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы ...

Химия пәнінен пәндік терминологиясын ағылшынша меңгертудің тиімді тәсілдерін игерген мұғалім

Шакирова Асия Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген ұстаздардың бірі. Жаратылыстану-математика ...