Білікті ұстаз — Xnews — ақпарат агенттігі

Білікті ұстаз

Қыдырбекова Жанар Сиязбекқызы – Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицейінің тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Ұлағатты ұстаз саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлттық рухани тәрбие беруге арнап келеді. Ол — кәсіби біліктілігімен, жаңашыл әдістемесімен, шәкірт жүрегіне жол таба білетін шебер педагог.

Жанар Сиязбекқызының жетекшілігімен оқушылар жыл сайын түрлі деңгейдегі зияткерлік жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Атап айтқанда, ағымдағы оқу жылында оның екі бірдей шәкірті «Менің кіші Отаным» атты республикалық байқауда жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, ғылыми жобалар конкурсында бір оқушысы мадақтама грамотасымен марапатталды. Бұған қоса, аудандық және қалалық пәндік олимпиадаларда да шәкірттері үздік көрсеткіштер көрсетуде.

Ол үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүріп, оқыту процесіне жаңа технологиялар мен заманауи әдістерді тиімді енгізіп келеді. Өз пәніне деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы оқушыларды ел тарихын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеуде.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...