Ordabasy: Аудан көлемінде қоғамдық көліктер жаңартылды

Ауданымызда тұрғындарды толғандырған жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер оң шешімін тауып, аудан көлемінде 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар жергілікті бюджеттен субсидияланып, қоғамдық көліктермен қамтамасыз етілген болатын. Әйтсе де, жолаушыларға қызмет көрсетуші мердігер мекеменің көліктерінің ескілігінен мәселе туындап, аудан әкімі Азат Оралбаев көліктердің сапасыздығын сынға алып, сала жауаптыларына кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырған.

Аудан басшысының осы тапсырмасының негізінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен жолаушылар тасымалдаушы мердігер мекеме «SARavto» ЖШС-і тиісті нәтиже көрсетіп, бүгінде аудан көлеміндегі 13 дана қоғамдық көлікті жаңартуға қол жеткізді.

Бүгін аудан басшысы арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы лизингке алынған, аталған су жаңа отандық қоғамдық автокөліктердің 6 данасын салтанатты рәсіммен халық игілігіне пайдалануға табыс етті.

Арнайы рәсімде аудан басшысы халыққа сапалы қызмет көрсету бағытындағы тапсырманы нәтижелі орындаған тиісті сала мен мердігер мекеме қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта қоғамдық тасымал бағытындағы тұрғындар игілігі үшін атқарылатын шаруалар толастамай жалғасын тауып, барлық бағыттардағы аялдамалар да жаңартылатынын жеткізді.

Айта кетейік, аудан орталығы Темірлан елді мекенінде 4 және халық көп шоғырланған Шұбарсу ауылында 2 қоғамдық автокөлік бүгіннен бастап жолаушыларды тасымалдайды. Қалған 7 автокөлік жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, қосымша қондырғылармен жабдықталып, мамыр айының соңына дейін жеткізілетін болады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

Сегодня жители Карагандинской области принимают активное участие в республиканской онлайн-акции «Дорога к Победе», приуроченной к 80-летию Победы в Великой Отечественной ...

Қарағанды облысының тұрғындары «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясын белсенді қолдауда

Бүгін Қарағанды облысының тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясына белсене қатысуда. Акцияға жастар, ардагерлер ...