«Елімай» және «Семей» клубтары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

«Елімай» және «Семей» клубтары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Абай облысының намысын қорғап жүрген «Елімай» футбол клубы мен «Семей» футзал командасы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz.

Футболшылар экологиялық бағдарламасына үн қосып, Семей қаласындағы Жоламан кенті аумағындағы тазалық акциясына қатысты.

— Семей – қазақ футболының қарашаңырағы екені бүгінде баршаға мәлім. Қазақстан президенті бастаған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына облысымыздағы қос клубтың бірауыздан үн қосуы – елге, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі. Олар тек спорт ареналарында ғана емес, табиғатты қорғау ісінде де өздерінің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетіп келеді. Бұл — кейінгі жас буынға үлкен үлгі боларлық тағылымды іс, — дейді облыс әкімі Берік Уәли.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...