Дәрігерлер тыл ардагерлердің денсаулығын профилактикалық тексеруден өткізді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында ақ халаттылар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №6 емхананың терапевт, лор, хирург, невропотолог, гастроэнтеролог, медибикелерден құралған бригада еңбек майданының еңбеккерлерінің үйіне барып, медициналық профилактикалық тексерістен өткізді.

Олардың қатарында жеңісті жақындатуға үлес қосқан Загира Бекмурзаева бар. Емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Құралқызы жасы 90-ға шыққан кейуананың хал-жағдайын сұрап, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлағаны үшін алғысын білдіріп, сый-сияпатын жасады.

–Емханамызда 60-мыңнан аса тұрғын тіркелген. Қарт адамдардың денсаулығы дәрігерлеріміздің жіті бақылауына алынған. Соның ішінде аумақта 26 тыл ардагері тұрады. Ең қартының жасы 99-да. Мерекеде ғана емес, олардың әрқайсысының жағдайын дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлеріміз үйіне барып бақылап, тексеріп, ем-домын тағайындайды. Бүгін мереке қарсаңында арнайы мамандандырылған дәрігерлер тобы тыл ардагерлерін профилактикалық тексеруден өткізді. Қандағы қант мөлшері мен холестерин, қан қысымын тексерді, ЭКГ жасады, барлық қажетті талдаулар алынды. Оларды қуанту үшін шағын сыйлықтарымызды да ұсындық, — деп атап өтті.

Ұлағатты ұстаз Загира Бекмурзаева әрдайым ықыласпен көмегін көрсететін емхана ұжымына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Тағы бір тыл ардагері – Маржан Махмудованың балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген. 7 ұл-қыз өсіріп, одан 20-ға жуық немере-шөбере көрген ардагер жағдайын сұрап, қан қысымын өлшеп, денсаулығын назарда ұстайтын медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді, батасын беріп, тылда еңбек еткен жылдардағы естеліктерімен де бөлісті.

x

Check Also

“Енді базар емес, сауда үйі болады”: Әкім базарларды жаңғыртуды қолға алды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданындағы «Автонұр» базарын аралап, өзекті мәселелерді назарға алды. Қазіргі таңда базар аумағында жалпы ауданы ...

Сайрамда жалпыхалықтық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының ...