Әскери тәлімгер — Ережепов — Xnews — ақпарат агенттігі

Әскери тәлімгер — Ережепов

35748 әскери бөлімінде өз ісіне жоғары кәсібилікпен және адалдықпен қарайтын әскерилер көптеп саналады. Солардың бірі ретінде екінші сыныпты сержант Қанат Ережеповті айтуға болады.

Артиллериялық дивизионның сержанты қызметтік міндеттерін сапалы орындап қана қоймай, сонымен қатар мерзімді қызметке шақырылған жас сарбаздармен тәрбие және оқу жұмыстарын ұйымдастырып өткізуде маңызды рөл атқарып жүр.

Әскер қатарындағы 20 жыл қызмет барысында Канат Ережепов жоғары әдістемелік дайындығы бар сержант ретінде өзін таныта білді. Ол тек білім беріп қана қоймай, бағынышты бөлімшеде сержанттық құрам жұмысының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Жеке құраммен жұмыс жүргізуде оның әдісі жауапкершілікпен, жүйелілікпен және әскери қызметтің басым бағыттарын терең түсінумен ерекшеленеді.

Ол әсіресе мерзімді қызметке жаңадан шақырылған жас сарбаздарға ерекше назар аударады. Жыл сайын олардың даярлығына белсенді қатысып, көптеген сарбаздар үшін әскери өмірдегі алғашқы нағыз тәлімгерге айналды. Оның басшылығымен жас артиллеристер тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар жауынгерлік дайындық тапсырмаларын сенімді орындауға көмектесетін практикалық дағдыларды да жетік меңгеріп жүр.

Ережеповтың сабақтары дайындықтың жоғары деңгейімен, ұсақ-түйекке дейін мән беруімен және күрделі ақпаратты қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізе білуімен ерекшеленеді. Бұл жас жауынгерлерге әскери қызметке тез бейімделуге және өз-өзіне сенімді болуға мүмкіндік береді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...