Жастармен бірге таза Шымкент

Таза Қазастан акциясы Шымкент қаласында үздіксіз әрі қарқынды жүргізілуде. Оның бірден бір себебі, жастардың Таза Қазақстан акциясының мәнін жетік түсінуінде.

Қаланың, өзіңнің ортаңның және қоғамның тазалығы — ол халқының сауаттылығының көрсеткіші екендігімен толықтай келісуінде. Осы бағытта жастарға алдымен акцияның бағыты мен маңызын түсіндіру мақсатында арнайы волонтерлік ұйымдарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сананы өзгерту мақсатында кездесулер өтті.

Волонтерлік күштің көмегімен ең лас аймақтар белгіленіп, еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізу барысында сол жерлерге дең қойды. Жыл басынан бері қалада 1000 еріктілер, 2000 жұмысшылар жұмылдырылған 25 іс-шара өтіп, 26 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 10 мың ағаш көшетін жастар өз қолдарымен егіп, қаланың экологиялық ахуалының жақсаруына елеулі үлес қосты.

Шымкент — біздің ортақ қаламыз! Оның күн санап көркеюі — біз үшін мақтаныш, әрі парыз!

x

Check Also

Возвращенные активы работают на благо народа

Состоялась торжественная церемония закладки капсулы времени в рамках начала строительства новой музыкальной школы искусств в селе Темирлан Ордабасинского района Туркестанской ...

Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс ...