Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының жеңімпаздары

2024 жылғы 26 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқарамасы басшысының орынбасары Жанәбіл Болат Серікұлы, жергілікті қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған конкурс жеңімпаздары:

  1. «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі (төрайымы – Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы) – «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» номинациясы бойынша;
  2. «Өгем» қоғамдық бірлестігі ( төрағасы – Әбдешов Әліхан Әбдешұлы) – «Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы бойынша;
  3. «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қоры ( төрағасы – Шалтанов Еркінбай Керімбайұлы) – «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» номинациясы бойынша;
  4. «Ғылыми зерттеулер мен инновациялық технологиялар» қоғамдық қоры ( төрағасы – Голярко Владислав Михайлович) – «Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы бойынша;
  5. «Эра — KZ» қоғамдық бірлестігі ( төрайымы – Таштемирова Зарина Рамазановна) – «Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу» номинациясы бойынша атанды.

Аталған жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның атынан дипломдар табысталды.

Марапаттау рәсімінде сөз алған Болат Серікұлы: « Бүгінгі жеңімпаздар – әрбір азаматқа үлгі боларлық тұлғалар. Сіздер өз істеріңіз арқылы қоғамның сенімін ақтап, жақсылыққа бағытталған жаңа бастамаларға жол ашып келесіздер. Жеңіс пен табыс тек марапат емес, ол – алдағы күндерде сіздерге шабыт пен күш беретін рухани серпін.

Басқарма атынан баршаңызды бүгінгі жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, тың идеялар және алдағы жұмыстарыңызда жаңа белестерді бағындыруды тілеймін» деген ізгі тілегін білдірді.

x

Check Also

В ходе паводков было спасено свыше 120 тыс. граждан в Казахстане

За весь паводковый период было спасено свыше 120 тыс. граждан, которые были размещены в пунктах временного размещения, им была оказана ...

2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен 36,4 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді

Үкімет тарапынан 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлкі зақымданған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілді. Өңірлерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым ...