2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 50 671 адам қатысып 89% орындалып отыр. (36 194 – тұрақты, 7 752 – уақытша, 6 725 – кәсіпкерлік оқыту).
Оның ішінде;
30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған, нақты 28 813 адам қатысқан (95,4%) (2023ж.- 35 806);
26 482 адамды Шымкент қаласында іске асырылып отырған концепциялар, даму бағдарламасы және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасатыру жоспарланған, нақты 21 858 адам жұмысқа орналасты. (2023ж.- 25 462).
Сонымен қатар, ҚР Президентінің тапсырмасына орай 2024 жылы 273 жастарға шағын несие беру жоспарланған (2023ж.нақты -263 адам). Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеген.
Әрбір көрсеткішке жеке-жеке тоқталып өтетін болсам:
2024 жылы 4 176 адамға кәсіпкерлікті қолдау, 7 453 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау, 14 938 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, 3 640 адам кәсіптік оқытуға жолдану жоспарланған. 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін дейін 28 813 адам қатысып, 95,4% орындалып отыр.(слайд 4)
Концепциялар және Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары және жеке бастамалар бойынша 2024 жылға 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде: концепциялар бойынша 3 140 (386 уақытша, 2 754 тұрақты) жұмыс орны, 23 342 орын жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары (жекеменшік есебінен іске қосылатын жеке меншік балабақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқа да қызмет көрсететін ұйымдар). 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 21 858 адам жұмысқа орналасқан.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі