Құрметті жерлестер!
Қадірменді Саурандықтар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаны баршаңызға белгілі. Бір ай көлемінде Сауран ауданының тұрғындары да таза қоғамның мәдениетін қалыптастыру бағытына барынша қолдау білдіріп, тазалық жұмыстарына белсенді қатысып келеді.
«Тазалық – денсаулық кепілі» деп халқымыз бекерге айтпаған. Әр саналы азамат өзі тұратын ауылдың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек.
Кез келген дамыған өңірдің басты айқындаушысы – аймақтың тазалығы мен қоғамдық тәртіптің тұрақты болуы. Осы тұста аудан байынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында Сауран ауданында 50 000 жуық ағаш бұталанып, әктелді. Қоқыстар шығарылып, басты көше бойында тозығы жеткен үйлердің қоршауларының қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
«Киелі мекен» апталығында көне тарихтан сыр шертетін «Сауран қалашығы», «Укаша ата», «Жүсіп ата» кесенелерінің аумақтары көгалдандырылып, тазартылды. Аудан көлемінде «Жасыл аймақ» апталығында ауылдық округтер мен елді мекендерді көгалдандыру мақсатында жалпы 32 мың дана көшет және 11 мыңнан астам гүл егілді. Алдағы аптада өзендер мен көлдердің аумақтарын тазалу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтап, Табиғат-Анаға қамқорлық таныту баршағамызға ортақ іс. «Тазалық жасаған жерде емес, сақтаған жерде» екенін ескеріп, әрбір азаматты қоршаған ортамызға жанашырлықпен қарап, туған жерінің қадірін ұғынып, баршаңызды тарихы тереңде жатқан ауданымыздың тазалығын сақтауға шақырамын.
Мақсат ТАҢҒАТАРОВ,
Сауран ауданының әкімі