Тоқаев мемлекеттен заңсыз көмек алатындар жайлы: жауап беруі керек — Xnews — ақпарат агенттігі

Тоқаев мемлекеттен заңсыз көмек алатындар жайлы: жауап беруі керек

Қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес, деді президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатын адамдар заң алдында жауап беруі керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Алайда қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек», — деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.

Айтуынша, мұндай жағдайлар мемлекеттен ала берсем деген көзқарас қалыптастырды. Ал көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр.

«Әрине, біздің елдің мүмкіндігі зор. Бірақ оның да шегі бар. Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек», — деді президент.

Ол заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс екенін атап өтті. Қазір әзірленіп жатқан әлеуметтік кодексте осындай дүниелерге барынша назар аударылады.

Дереккөз: Sputnik

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...