Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша халықпен кездесулер өтті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушылар үшін 2024 жылы республика бойынша 7050 квота бөліп, мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облысты белгіледі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

«Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдері 22-23 тамыз күндері Түркістан облысына арнайы келіп, бірқатар аудандарда тұрғындармен кездесті.

Насихат тобы Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам, Бәйдібек аудандары халқына мемлекеттік бағдарлама жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды алаңдатқан сұрақтарға жауаптар берді. Кездесулерде жалпы 1 мыңға жуық адам келіп, қоныс аудару бойынша ақпараттарға қанық болды. «Ұлы көш» қоғамының төрағасы, Түркістан облыстық маслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков жерлестерін солтүстікке қажетті жұмыс күш қатарын толықтыруға шақырды.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына — 2702, Павлодар облысына — 2 603, Қостанай облысы — 950, Шығыс Қазақстан облысына — 372, Абай облысына — 255, Ұлытау облысына — 132, Қарағанды облысына — 36 квота белгіленген. Мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударғандардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы береді. Бұдан бөлек, билік оларды қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызуы, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуі тиіс. Сондай-ақ қоныс аударғандарға жұмыс ұсынған жұмыс берушілерге 400 АЕК (1 476 800 теңге) субсидия беріледі.

Бөлінген квота негізінде ағымдағы жылдың 8 айында Түркістан облысынан 288 отбасыдан 1 116 адам қоныс аударды. Нақты көрсетсек, Шығыс Қазақстан облысына – 18 отбасы (71 адам), Қостанай облысына – 18 отбасы (71 адам), Павлодар облысына 127 отбасы (592 адам), Солтүстік Қазақстан облысы – 110 отбасы (318 адам), Қарағанды облысына 2 отбасы (11 адам), Абай облысына 8 отбасы (23 адам), Ұлытау облысына 5 отбасы (30 адам).

Жалпы еліміз бойынша 3 494 қоныс аударғандардың 32%-ы Түркістан облысының үлесінде. Олардың ішінде еңбекке жарамды 538 адамның 304-і жұмысқа орналасқан. Ал жалпы 2025 жылдан бері жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды көшіру жұмыстары нәтижесінде, облысымыздан 2015 жылдан бүгінге дейін 14 874 адам немесе 3 358 отбасы қоныс аударған.

x

Check Also

Түркістан облысында өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер ...

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...