“Ана – отбасы жүрегі, мейірімділік тірегі” тақырыбында облыстық іс-шара өтті

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен “Ана — отбасы жүрегі, мейірімділік тірегі” атты тақырыпта облыстық ісшара ұйымдастырылды.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, қазақта «Ана – отбасы жүрегі, мейірімділік тірегі» деген сөз бар. Аудандағы Әжелер алқасымен қатар, Аналар кеңесі қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен отбасылық тәрбиені насихаттау бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, ұрпақ тәрбиесі жолында елеулі еңбек етіп жатқанын атап өтті.

Түркістан облыстық ядролық Семей полигоны ардагерлер кеңесінің төрағасы Құралтай Салықбаев өз сөзінде қазіргі таңда отбасымен қатар, еліміздің түрлі саласында аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген нәзік жандыларымыз қаншама?! Ұрпақ үшін ана тәрбиесінен асқан алтын қазық жоқ. Бір сөзбен айтқанда, аймағымыздың алға ілгерілеуіне бір кісідей үлес қосып отырған, “бір қолымен бесігін, бір қолымен әлемді” тербететін аналарымыздың орны қашанда төр екендігін жеткізді.

Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметовтің айтуынша қазақ халқының дәстүрінде әйел — анаға, отбасы ошағының сақтаушысына, әйел — еңбекқорға деген сый — құрмет ерекше болған. Аналарымызды халқымыз әрдайым құрмет тұтып, жұмақты ана табанының астынан іздеген. Адамзат баласы ана алдында қашанда басын иеді, анаға мәңгілік қарыздар. Өйткені, ана – тіршіліктің тірегі, отбасының алтын діңгегі. Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының мерейі саналады, — деп ізгі тілегін білдірді.

Ісшара барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттап, еңбек етіп жүрген әжелер мен аналарымызды Бақытжан Кеңесбекұлы құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатымен және сыйлықтармен марапаттады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, аналарымыз біздің мақтанышымыз және сарқылмас қазынамыз, – деп жиынды қорытындылады Бақытжан Кеңесбекұлы.

x

Check Also

Түркістан облысында өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер ...

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...