Түркістанда өткен тазалық акциясына әлем чемпионы атсалысты

Түркістан облысының аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Oблыс орталығында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, оған 1000-ға жуық азамат қатысты. Сондай-ақ панкратион спортынан әлем чемпионы Ержан Естанов пен қаланың қонағы, белгілі вайнер Серғазы Тоқтарбек сенбілік жұмыстарына қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстары барысында Қ.А.Ясауи кесенесі мен «Күлтөбе» қалашығының маңы, «Отырар» мөлтек ауданы және «Жібек жолы» саябағының аумағы қоқыстан тазартылды. Арық-атыздар қоқыстан тазартылып, шөптер орылып, ағаштар ретке келтірілді.

Жалпы, әкімдікке қарасты 14 мекеме қызметкерлері, 6 сектордың тұрғындары атсалысып, 13 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Сенбілік соңында қатысушылар флешмоб билеп, жоғары көңіл-күймен тазалық жұмыстарын аяқтады.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...