«Таза Қазақстан» акциясы аясында таулы аймақ қоқыстан тазартылды

Бүгін Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Майдантал ауылдық округінінде сенбілік жұмыстары өткізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданда тазалық аптасы күнделікті жүргізіліп келеді. Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған экологиялық акция қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осыны ескерген Майдантал ауылдық округінің тұрғындары эко акцияға белсенді қатысты.

Акция нәтижесінде 8 тонна қоқыс шығарылды. Қызу тазалық жұмыстарына 50-ге жуық адам қатысты. Оған 1 техника жұмылдырылды. Сенбілікте таулы аймақтың жол бойлары мен айналасын тазартып, өзен мен ағын су аумақтары қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары кеңінен қолға алынды.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

В Шымкенте завершились двухдневные городские командно-штабные учения «Қыс-2025», направленные на отработку действий системы гражданской защиты в условиях зимних чрезвычайных ситуаций ...