Қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолдары талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолдары талқыланды

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Мәжіліске облыстық құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық мәселелердің алдын алу бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Одан кейін облыс аумағындағы білім саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша білім басқармасының орынбасары Айгүл Қасымбекованың баяндамасы тыңдалды.

– Бүгін өзекті мәселелер талқыланып отыр. Ел бірлігін сақтау, тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс. Білім саласындағы түйткілдерді уақытылы шешу де басты назарда болуы тиіс. Әр басшы өзі жауапты саланы терең зерттеп, сапалы жұмыс атқарсын, – деді Б.Тәжібаев.

Басқосуда қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды атқару керектігі баса айтылды. Облыс әкімінің орынбасары этносаралық бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, халықты игі істерге жұмылдыру қажет екенін жеткізді. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс екеніне тоқталды.

Жиын қорытындысына сай аталған мәселелер бойынша жауапты басқармалар мен тиісті мекемелерге жұмысты күшейту тапсырылды.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...